Биыл "Странджа" турниріне Қазақстаннан 39 боксшы қатысқанымен, жартылай финалға тек сегізі ғана жолдама алды.
Кездесулердің бірінде қазақстандық дерби өтеді. Күндізгі сессияда А рингінде 54 келі салмақтағы әйелдер арасында қазақстандық боксшылар Анель Сақыш пен Элина Базарова жұдырықтасады. Б рингінде 65 келіде Лаура Есенкелді ирландиялық Грейн Уолшқа қарсы шығады. 75 келіде Валентина Хальзова аустралиялық Эмма Сью Гринтримен кездеседі. 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова болгариялық Алейна Мехмедпен, ал Дина Исламбекова өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен жекпе-жек өткізеді.
Кешкі сессияда А рингінде 50 келі салмақта Даниял Сәбит өзбекстандық Асилбек Жалиловпен қолғап түйістіреді. 70 келіде Фарух Тохтасынов Шавкатжон Болтаевпен кездеседі.
Күндізгі сессия сағат 17:00-де, ал кешкі сессия 21:00-де басталады.