"Сыналдық, бірақ сынбадық, керісінше шыңдалдық!": Жәнібек Әлімханұлы ресми мәлімдеме жасады

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Сыналдық, бірақ сынбадық, керісінше шыңдалдық!": Жәнібек Әлімханұлы ресми мәлімдеме жасады Фото: Жеке парақшасынан

"Қазақ стилінің" сөзінше, IBF кетсе де, WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуі қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кәсіпқой боксшы допинг дауынан соң керісінше шыңдала түскенін жазады. 

– Қалай болғанда да қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! 1 титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса, 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтамадық, меніңше бәрі енді басталатын сияқты! 

Кәсіпқой бокс – біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз – спорт жағындамыз! Біз – қазақылық бағытындамыз!

Қазанаттың жолында жазық та бар ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар сор да бар! Бұл өмір заңы! Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз! – деді ол. 

Жәнібек Әлімханұлы өз жазбасында допингке қарсы екенін тағы да қайталады. 

– Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті! Талқылай бергеннен, уайымдай бергеннен тағдыр өзгермейді. Ең бастысы, ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі! 

Ардақты ағайын, біз әлі әлем чемпионымыз! Алдымызда талай додалар күтіп тұр! Жеңісті күнде жүздесейік! Қолдауларыңызға рақмет! – деп жазба қалдырды "Қазақ стилі" өз парақшасында. 

Бұған дейін "Қазақ стилінің" атағынан айырылуына қатысты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті отандық БАҚ-та мәлімдеме жасаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу