Оның сөзінше, табысы төмен ел тұрғындарының ипотека алуына шектеу қойылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы жалақы деңгейіне тікелей шектеу енгізу жоспарланбағанын ашық айтты. Шешімдер тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы қабылданбақ.
– Белгілі бір сандық шектеу енгізу туралы сөз болып отырған жоқ, яғни ол қаулыда нақты белгіленбейді. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Банктер қарыз алушының тәуекел профилін, табыс деңгейін бағалап, соған қарай шешім қабылдайды, – деп нақтылады Мәдина Әбілқасымова.
Ол сонымен қатар 2020 жылдан кейін пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты ипотека бойынша мерзімі өткен берешектің артқанын растады.
– Сондықтан банктерге тәуекелдерді басқару жүйесі аясында жоғары тәуекелге ие қарыз алушыларға несие бермеу міндеті жүктеледі, – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Мәдина Әбілқасымова несиесі бар екенін айтқан еді.