Таеквондодан жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

133

Таеквондодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Таеквондодан жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды Фото: olympic.kz

Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметіне сәйкес, Өзбекстан астанасында ел намысын 20 спортшы қорғайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыздар:
Шахризода Акрамова (42 келіге дейін), Айым Серікбаева (44 келіге дейін), Сұлу Абибулла (46 келіге дейін), Жанеля Жақсылықова (49 келіге дейін), Элеанора Шералы (52 келіге дейін), Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін), Эвелина Абдрасулова (59 келіге дейін), Любовь Юн (63 келіге дейін), Балгерім Өтеген (68 келіге дейін), Сабина Туртулова (68 келіден жоғары).

Ұлдар:
Сағи Мәдиұлы (45 келіге дейін), Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін), Әділет Шері (51 келіге дейін), Ислам Медетбай (55 келіге дейін), Нұралы Махмұт (59 келіге дейін), Мұхаммедәлі Махмұт (63 келіге дейін), Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін), Жанайбек Шамұратов (73 келіге дейін), Бекзат Ғазиз (78 келіге дейін), Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары).

Әлем чемпионаты 12–17 сәуір аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу