Таеквондошы Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды

182

Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш кездесу өткізіп, жеңіске жетті.  

Таеквондошы Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Мария Севостьянова Францияның Париж қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жерлесіміз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш кездесу өткізді. Алғашқы айналымда Мария Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін дәл осындай нәтижемен Венгрия спортшысы Лука Патакфалвиден басым түсті.

Ширек финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзаловаға қарсы жекпе-жекке шығып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал жартылай финалда бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27-29 қараша күндері Астанада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу