Тағы бір ел Трамптың айтқанына көнді

989

Ақ үй басшысы сүйінші жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Тағы бір ел Трамптың айтқанына көнді Фото: LiveJournal

АҚШ пен Индонезия сауда келісіміне келді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ-тың Вьетнам және Қытаймен сайда келісімдеріне қол қойғаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Сауда келісімі аясында Индонезияға салынатын кедендік баж салығы 19 пайыз болып белгіленді. Ал АҚШ-тың тауарлары Индонезияға кеден салығынсыз экспортталмақ. 

"Бүгін таңертең Индонезияның құрметті президенті Прабово Субиантомен болған әңгімеден кейін маңызды келісім жасастым", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Құжатқа сәйкес, Оңтүстік-Шығыс Азия елі АҚШ-тан 15 млрд доллар тұратын энергия тасымалдаушыларын, 4,5 млрд доллардың ауыл шаруашылығы өнімдерін, Boeing-тың 50 ұшағын сатып алуы тиіс. 

Дональд Трамп америкалық тауарлардың Индонезияға емін-еркін жеткізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл келісім аясында АҚШ үшін Индонезия нарығы ашылады.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25% баж салығын енгізетінін жазған едік. Премьер-министр Олжас Бектенов Дональд Трамптың хатына байланысты пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу