Бұл туралы Өзбекстанның Бангкоктағы Бас консулдығы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, 2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Өзбекстан азаматтары үшін Таиландқа визасыз кіру режимі тоқтатылып отыр.
Таиланд Корольдігі Үкіметінің шешіміне сай, елге баруды жоспарлап отырған Өзбекстан азаматтары алдын ала кіру визасын рәсімдеуі тиіс.
Ол үшін Таиланд Корольдігінің электронды визаға арналған ресми порталында электронды визалық сауалнаманы толтыру міндеттеледі.
Оны толтырғаннан соң визалық алымды төлеу үшін Таиланд Корольдігінің Ресей Федерациясындағы Елшілігіне, яғни Мәскеудегі дипломатиялық өкілдікке бару қажет.
Демек, 10 күннен кейін Өзбекстан азаматтары осыған дейінгі қолданыстағы визасыз режим аясында Таиландқа кіре алмайтын болды.