Такси жүргізушісі және курьер болып істейтін қазақстандықтардың саны белгілі болды

1648

Ел азаматтарының біразы әртүрлі интернет-платформаларда жұмыс істейді. 

Такси жүргізушісі және курьер болып істейтін қазақстандықтардың саны белгілі болды Фото: Ведомости

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде біздің азаматтарымыздың көбі әртүрлі интернет-платформаларда жұмыс істейді. Сарапшылардың дерегі бойынша 500 мыңға жуық қазақстандық интернет-платформалар аясында жұмыс істейді. Платформалық жұмыспен қамтудың кең таралған түрлері – курьерлік және такси қызметі. Платформалық жұмыспен қамтудың бірқатар артықшылығы бар, атап айтқанда икемді жұмыс уақыты режимі, яғни оны негізгі жұмыспен қатар алып жүруге болады", - деді бірінші вице-министр.

Спикер интернет-платформада жұмыс істейтін азаматтар үшін бірқатар тәуекелдер де бар екенін жеткізді.

"Тұрақсыз жұмыс әрі кірістер, көлеңкелі қарым-қатынастардың өсуі, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға мүмкіндік беретін әлеуметтік кепілдіктердің болмауы. Әдетте бұл азаматтар әлеуметтік тәуекелдер жүйесіне қатыспайды", - деді Ақмәди Сарбасов.

Осыған байланысты министрлік әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудың маңызды екенін айтады. Осыған сәйкес бүгінде интернет-платформалардың операторлары салық агенттері деп танылып, платформалық жұмыспен қамтылғандарға бір мезгілде екі салық режимін қолдану құқығы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу