Талғат Байсуфинов қызметінен кететіні туралы ақпарат расталмады

124

 Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.  

Талғат Байсуфинов қызметінен кететіні туралы ақпарат расталмады Фото: 1bol.kz

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Федерация Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіріп, оның кәсіби қызметін және ұлттық құраманы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ бапкердің команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысы да ерекше аталды.

ҚФФ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Кадрлық шешімдерге қатысты барлық ресми ақпарат тек Қазақстан футбол федерациясының ресми коммуникация арналары арқылы жарияланатыны ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу