Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы жаттықтыра беретін болды

Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбаев хабарлап отыр. 

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы жаттықтыра беретін болды Фото: kff.kz

Десе де, бұл шешім футболдан Қазақстан құрамасының алдағы екі кездесуіне ғана тікелей қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Бельгия және Фарер аралдарына қарсы матчта да командамен бірге жұмыс істейді. 

Айта кетейік, ол 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келеді. Оған дейін бұл қызметте Әли Әлиев болды. 

Талғат Маруаұлының жетекшілігімен ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізіп үлгерді. Мысалы, 10 қазан күні Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, араға 3 күн салып сырт алаңда Солтүстік Македониямен (1:1) тең түсті. Қазір ел құрамасының қоржынында 4 ұпай бар. 

Осыған дейін де Байсуфинов ұлттық құраманы екі рет (2016-2017 және 2020-2022 жылдары аралығанда) жаттықтырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу