Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов 60 келі дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Нәтижесінде Талғат Орынбасар Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жығып, 3-орын алды.
Бұған дейін қос қазақстандық палуанның белдесулері туралы жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу