Тамерлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтынын салды

Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 12-алтын медалі.  

Тамерлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтынын салды Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Филиппин өкілі К.Барбосамен кездескен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Тамерлан Тілеулес Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

– Тамерлан Тілеулес турнир барысында жоғары шеберлік танытып, шешуші жекпе-жекте жеңіске жету арқылы қазақстандық таеквондо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

Қазақстанда таеквондоны дамыту, спорт резервін даярлау және жас спортшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық құраманы ірі халықаралық жарыстарға сапалы дайындау мен спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде, – деп жазды ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми парақшасы.

Жаза кеткен жөн, Айчи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу