Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Академияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Закирьянов оларға зор сенім білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы команданың қақпашысы Шерхан Қалмырзаны ақылы бөлімнен грантқа ауыстырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу