Танымал КВН ойыншысы "Астана" футбол клубының Директорлар кеңесіне мүше болды

173

"Астана" футбол клубының Директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Бизнесмен Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі болып Мәлік Хасенов тағайындалды.

Танымал КВН ойыншысы "Астана" футбол клубының Директорлар кеңесіне мүше болды Фото: vlast.kz

Клубтың әлеуметтік желідегі ресми хабарламасында былай делінген:

"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018-2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды", – деп жазды елордалық команда.

Айта кетейік, Мәлік Хасенов кезінде "Казахи" КВН командасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, спорт пен мәдениет саласындағы еңбегі үшін мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу