Тараздағы жарылыстың себебін үкіметтік комиссия тексеруге кірісті

Маржан Кәрімжанқызы Маржан Кәрімжанқызы
3855

ҚР премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Таразға ұшып келіп, қайғылы апаттың мән-жайымен танысуда.

Тараздағы жарылыстың себебін үкіметтік комиссия тексеруге кірісті

Бүгін таңертеңгі сағат 6:21-де Тараз қаласы, 9-шы шағын ауданының 62-ші үйінде болған жарылысқа орай Елбасы тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, шұғыл іске кірісті. ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған топ Таразға ұшып келіп, мән-жаймен танысуда.

Жарылыс болған үйдің тұрғындары жақын маңдағы №46 мектепке орналастырылып, ыстық тамақ пен қажетті заттармен қамтамасыз етілуде. Олармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Үйлері қираған тұрғындар үшін 13-ші шағын ауданнан 20 пәтер дайындалып қойылған.

Айта кетейік, жарылыс салдарынан үйінді астынан 8 адам шығарылса, 2 адам мерт болған еді. Құтқарушылар қазір ғана тағы бір адамның мәйітін үйінді астынан алып шықты. Ауруханаға түскен тұрғындардың жағдайы орташа, ауыр деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, құтқарушылардың көмегімен 300-ге жуық адам эвакуацияланды.  

Маржан Кәрімжанқызы, Тараз қаласы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу