Тарихи матч: "Қайрат" алғаш рет италиялық клубпен кездеседі

202

"Интер" Еуропа футболының басты грандтарының бірі саналады. 

Тарихи матч: "Қайрат" алғаш рет италиялық клубпен кездеседі

5-қарашадан 6-қарашаға қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-турында италиялық "Интермен" кездеседі. Ойын Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өтеді және Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Кездесу Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

Алдыңғы маусымда "қара-көктер" А сериясының чемпионы атанды. Бірақ Чемпиондар лигасында 1/8 финалда мадридтік "Атлетикодан" ұтылып қалды. Өткен жылы Симоне Индзаги шәкірттері чемпиондықты "Наполиге" соңғы тур алдында тең ойнап беріп қойды. Ал Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ-дан ойсырай жеңілді (0:5). Соған қарамастан, финалға дейінгі жолда "Интер" "Фейеноордты", "Баварияны" және "Барселонаны" жарыс жолынан шығарып, каталондықтарға қарсы керемет камбэк жасаған болатын. Сондықтан бүгінгі таңда миландық клубты кез келген қарсыласқа қарсы ойнай алатын заманауи футболдың нағыз гранды деуге толық негіз бар. 

"Интер" тоғыз ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде төртінші орында тұр, ал "Қайрат" бір ұпаймен 34-сатыда орналасқан. Бұған дейін бұл екі команда бір-бірімен кездескен жоқ.

Италиялық клуб Қазақстан өкілдерімен алғаш рет ойнаса, "Қайрат" та Италия командасына алғаш рет қарсы шығады.

Айта кетейік, сондай-ақ "Қайрат" Чемпиондар лигасында 26 қараша "Копенгаген" (22:45), 9 желтоқсан "Олимпиакос" (20:30), 20 қаңтар "Брюгге" (20:30), 29 қаңтар "Арсеналмен" (01:00) кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу