Тарихи матчта "Қайрат" қақпасын 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғайды

130

Футболда қақпашы - жарты команда деп тегін айтылмаған. 

Тарихи матчта "Қайрат" қақпасын 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғайды

18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні алматылық "Қайрат" Лиссабонда Жозе Алваладе стадионында Чемпиондар лигасының жалпы топтық кезеңіндегі алғашқы матчын "Спортингке" қарсы өткізеді. Дебют қарсаңында команда екі қақпашысынан айырылды. 

Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғандықтан, "Спортингке" қарсы ойында қақпаны 18 жастағы үшінші қақпашы Шерхан Қалмұрза қорғайды.

Негізгі қақпашы Александр Заруцкий 20 тамызда Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчы — Шотландияның "Селтигіне" қарсы ойында жарақат алды.

Оны Темірлан Анарбеков алмастырған еді. Ол жауапты ойында қақпасын голсыз сақтап, пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, "Қайраттың" жалпы топтық кезеңге шығуына үлкен үлес қосты.

Алайда 14 қыркүйекте ҚПЛ-дағы "Ақтөбеге" қарсы матчтың 13-минутында Анарбеков қарсылас ойыншысы Уче Агбоның шынтағынан соққы алып, алаңнан зембілмен кетті. Оның орнына Шерхан Қалмұрза шықты.

Матчтан кейін "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Анарбековтың жақ сүйегі сынғанын айтты. Қалмұрзадан бөлек негізгі құрамда тағы бір 18 жастағы қақпашы - Диас Реимов бар. Реимов әзірге негізгі команда сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ. Сондықтан сарапшылар португалиялықтар өз мүмкіндігін барынша пайдаланады және ойынның басты фавориті де  "Спортинг" деп отыр. Дегенмен ойын тағдыры алаңда шешіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу