Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP-250 турнирінің финалында италиялық Лоренсо Музеттиді (әлемдік рейтингте 7-орын) екі сетте – 7:6, 6:3 есебімен жеңді.
Бұл оның 16-шы финалындағы жеңісі және соңғы 5 финалдағы қатарынан жеңісі болып отыр.
Соның арқасында Александр Бублик ATP рейтингінде алғашқы рет үздік ондыққа, яғни 10-орынға көтеріледі.
Гонконг турниріндегі жеңіс Александр Бубликке 106 460 доллар сыйақы және 250 рейтингтік ұпай алып келді. Ал оның қарсыласы Лоренцо Музетти 62 115 доллар және 165 ұпай алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу