Ташкенттегі Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті

173

Жоламан Биғабыл Азия чемпионы атанды. 

Ташкенттегі Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті

Жоламан Биғабыл каратэден Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Финалда ол Өзбекстан өкілі Собитхон Косимовпен кездесіп, Қазақстан құрамасына Ташкенттегі сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтынды сыйлады.

Айта кетейік, Жоламан Биғабыл бұған дейін де халықаралық ареналарда көзге түсіп, 2025 жылдың қаңтар айында Тбилисиде өткен А сериялы турнирде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Алда қазақстандық каратэшілердің қатысуымен жекелей сында тағы үш  финал бар. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы чемпионатта командалық жарыстың финалында бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу