Таулы Қарабақтағы 120 мыңдай этникалық армян Арменияға түгелдей көшетін болды

6896

Себебі олар Әзірбайжанның құрамында өмір сүруді қаламайды, "этникалық тазалаудан" қорқады. 

Таулы Қарабақтағы 120 мыңдай этникалық армян Арменияға түгелдей көшетін болды Фото: project.liga.net

Мұны осы аймақтың басшылығы бүгін "Рейтер" агенттігіне хабарлады.

Халықаралық қауымдастық Әзірбайжанның бөлігі деп таныған, бірақ Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Бакудың бақылауынан шығып кеткен Таулы Қарабақ армяндары қыркүйектің 20-да қаруларын тастап, тізе бүгіп, атысты тоқтатуға келісті. Оларды мұндай капитуляцияға өздерінен әлдеқайда ірі Әзірбайжан қарулы күштерінің 24-сағаттық жойқын әскери операциялары мәжбүр етті.

bangkokbook.ru

Әзірбайжан армяндардың құқығын қорғауға кепілдік беруге және оларды өз қоғамына интеграциялауға уәде етіп отыр. Алайда Қарабақ армяндарының жетекшілері жергілікті халықтың көрші елге бәрібір кететінін жариялады.

"Біздің халық Әзірбайжанның қол астында өмір сүргісі келмейді. Олардың тоқсан тоғыз бүтін тоғыз пайызы өздерінің тарихи жерлерін тастап кетуді қалап отыр", – дейді мойындалмаған Арцах республикасы президентінің кеңесшісі Самвел Шахраменян "Рейтерге" берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Қарабақ армяндары осы территорияны Армениямен байланыстыратын жалғыз ғана жол – Лашын дәлізімен қашан өтетіні әзірге белгісіз.

tj.sputniknews.ru

Айта кету керек, қазір Премьер-Министр Никол Пашинян Қарабақты құтқара алмады деген себеппен өз елінде үлкен сынға ұшырап отыр. Оппоненттері  шеруге мыңдап шығып, одан отставкаға кетуді талап етуде.

"Біздің байғұс халқымыздың тағдыры армяндар мен бүкіл өркениетті әлем алдында қараланып тарихқа еніп барады. Сол тағдырға жауаптылар күнәлары үшін Құдайдың алдында есеп береді", – дейді Бабаян.

Сонымен қатар, ол Қарабақ армяндарының қаруын тапсыруды жалғастырып жатқанын да атап өтті. Әзірбайжан болса, армяндарға қандайда бір зиян тигізбейтінін қайта-қайта ескертіп келеді.

Кейбір бақылаушылардың ойынша, Қарабақтан мұнша көп халықтың үдере көшуі ғасырлар бойы парсылардың, түріктердің, орыстардың, османдар мен советтердің қол астында болған Таулы Қарабақтың мазасыз тарихының жаңа бетін ашпақ.

Сонымен қатар, бұл жағдай түрлі этникалық топтар шоғырланған, мұнай мен газ құбырлары өтетін және Ресей, АҚШ, Түркия, Иран ықпал ету үшін күресіп жатқан Оңтүстік Кавказ аймағындағы күштер тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін.

news2.ru

Негізінен мұсылмандар тұратын Әзірбайжан үкіметі армян-христиандар Қарабақтан өз еріктерімен кете алатынын мәлімдеді. Пашинян болса, ешқандай қауіп төнбесе, отандастарының үйреншікті жерінде қалғанын қалап отыр.

exclusive.kz

Ауру-сырқауларды көшіру, яғни, медициналық эвакуация Қарабақта бүгін басталуы керек.

Қазір Таулы Қарабақта сан мың адам азық-түліксіз, жарықсыз отыр.

hotnews.ro

Аймақ басшылығының мәлімдеуінше, сенбі күні кешкісін Қарабаққа Ресейден 150 тоннадай гуманитарлық көмек пен Қызыл Крест халықаралық комитетінің күшімен 65 тоннадай ұн жеткізіліпті.

cyprus-mail.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу