Таяу Шығыстағы ахуал: ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндірісін арттыруға келісті

177

Мәлімдемеде мұнай өндірісін арттыру туралы шешім "нарықтың тұрақтылығын сақтау" үшін қабылданғаны айтылған.

Таяу Шығыстағы ахуал: ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндірісін арттыруға келісті  Фото: energy.asia

Тиісті мәлімдеме ОПЕК+ ұйымына мүше сегіз елдің: Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оманның бейнеконференциясынан кейін жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Наурыз айында өткен ОПЕК+ ұйымының соңғы кездесуінде топ мүшелері өндіріс лимиттерін тәулігіне 206 000 баррельге арттырған болатын.

ОПЕК+ ұйымының бұл әрекеті әлемдік нарыққа Ормуз бұғазы блокадасы аясында мұнай өндірісін одан әрі арттыруға және көңіл күйді тұрақтандыруға дайын екенін білдіруге бағытталған, деп атап өтті Reuters. Жалпы алғанда, ОПЕК+ елдері 2025 жылдың қазан айынан бастап мұнай өндірісін біртіндеп арттырады. Бұрын шикі мұнайдың жоғары бағасын ұстап тұру үшін шектеулер енгізілген болатын.

Айта кетейік, ОПЕК мәліметі бойынша, 2026 жылы әлемдік мұнайға деген сұраныстың өсу болжамы жыл сайын тәулігіне 1,4 миллион баррель деңгейінде өзгеріссіз қалады.

Мәжіліс ОПЕК даму қорымен арадағы операцияларға қатысты құжатты қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу