Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ұлыбритания елшілерін кері қайтарды

287

Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыстар тоқтамай тұр. Осыған орай Ұлыбритания Ирандағы елшілігінің қызметкерлерін жаппай еліне көшіріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ұлыбритания елшілерін кері қайтарды Фото: AP

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің жаңартылған туристік ескертуінде Лондон қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолданғаны айтылған.

"Елшілік қашықтан жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Министр Дэвид Лэмми X әлеуметтік желісінде ел билігінің Тель-Авивтен Ұлыбритания азаматтарын эвакуациялау үшін чартерлік рейстер дайындап жатқанын хабарлады. Бұл шешім әуе кеңістігі ашылғаннан кейін қабылданды.

Ол сондай-ақ Израильде жүрген Ұлыбритания азаматтарын өздерінің орналасқан жері туралы шұғыл түрде хабарлауға шақырды, осылайша олар қажетті нұсқаулықтар мен ақпарат ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу