Таяу Шығыстағы соғыста Палестинаны қолдаушылар көбейді

1477

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Израиль Газа аумағын бомбылауын тоқтатпаса, әлемдік газ тапшылығын тудыратынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстағы соғыста Палестинаны қолдаушылар көбейді Фото: TRT Haber

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесті. Бірақ кездесуден еш нәтиже жоқ.

Себебі Израиль Махмуд Аббастың "Хамас" жасағына сөзі өтпейтінін әуелден біледі.
 
Кеше Израиль Газа аспанынан үнпарақ шашты. Онда Газаның оңтүстігіне уақытша көшіп кету туралы ескерту жазылған. Израиль әуелі тұрғындарға 24 сағат уақыт берді. Бүгін тағы 6 сағат қосатынын хабарлады.

Осы аралықта 800 мың адам Газаның солтүстігінен оңтүстігіне үдере көшкен.

Бүгін Израильдің жаяу әскері Газа аумағына енді. Ондағы мақсат "Хамас" жасағының мүшелерін түгелдей жою.

БҰҰ Газа секторында су қоры таусылғанын, бірақ Израиль тарапы қоршауды ашуға рұқсат етпей отырғанын мәлімдеді. Адамдар лас су ішуде. Бұл ауру таралу қаупін күшейтеді.

Телеграм желісінің негізін қалаушы Павел Дуров "Хамас" жасағының арналарын бұғаттаудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу