Тәжікстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде ынтымақтастық туралы 31 жаңа құжатқа қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Авеста" порталына сілтеме жасап.

– Екі мемлекет басшысы – құрметті Эмомали Рахмон мен құрметті Си Цзиньпин жаңа дәуірдегі жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы Тәжікстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесіне, сондай-ақ екі ел арасындағы мәңгілік достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл құжаттың басты ұраны – "Мәңгілік дос, ешқашан жау емес", – деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.
Құжат Душанбе мен Бейжің арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Келісім саяси консультациялар, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени алмасу және қауіпсіздік мәселелері құжатқа енгізілген.