55 келі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жарысты сенімді жеңіспен бастады. Ол мексикалық Брайан Ортисті 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Оның қарсыласы Украина – Косово жекпе-жегінен кейін белгілі болады.
80 келіде Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ол украиналық Матви Ражбаны 5:0 есебімен ұтты. Келесі қарсыласы Қытай – Мексика кездесуінен кейін анықталады.
Бүгін кешкі сессияда (21:55) тағы үш қазақстандық шаршы алаңға шығады:
- Карина Ибрагимова (57 кг, 1/8 финал) – Элиз Глиннге қарсы,
- Наталья Богданова (70 кг, 1/8 финал) – үндістандық Санамача Чану Зочомға қарсы,
- Ертуған Зейнулинов (65 кг, 1/16 финал) – франциялық Хуго Граумен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу