Bloomberg дерегінше, келісімді жалғастыру ниетін Иранның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген.
Оның алдында ғана Иран тарапы Израиль шабуылды тоқтатса, өздері де атқылауды доғаратынын хабарлаған еді.
"Израильдің шабуылы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді бұзуға бағытталған, Тегеран бұл шабуылды АҚШ қолдағанына өкініш білдіреді", деп жария еткен Иранның Сыртқы істер министрлігі.
Тегеран келіссөзге қайта ынталы болғанымен, әлі де АҚШ-тың Израиль шабуылына қатысы жоқ екеніне сенбей отырған тәрізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу