Тегеранда Трамптың суға батып бара жатқаны бейнеленген плакат пайда болды

391

Сурет қос тарап арасындағы текетірес аясында орнатылды.  

Тегеранда Трамптың суға батып бара жатқаны бейнеленген плакат пайда болды Фото: BILD

Иран астанасы Тегеран қаласының орталығына АҚШ президенті Дональд Трамп бейнеленген кезекті билборд орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Сурет Nirvana тобының танымал "Nevermind" атты альбомының мұқабасы стилінде жасалған. Ақ үй басшысы суға батып бара жатып, доллар купюрасына ұмтылған күйінде бейнеленген. Баннердегі "Ұлы жеңіс" деген жазу Трамптың Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты айтқан мәлімдемесіне сілтеме жасаған.

Сәуір айында Дональд Трамп Ормуз бұғазы "толықтай ашық" әрі кеме қозғалысына дайын деп хабарлаған еді. Бірақ та, арада бірнеше ай өтсе де, аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр. Иран бұғаздағы кеме қозғалысына бақылауын тоқтатқан жоқ, ал АҚШ Иран порттарына қысымды күшейтіп келеді. Бұған дейін Тегеран көшелерінде Трампты табытта бейнелеген тағы бір плакат пайда болған еді.

Вашингтон Иранмен байланысы бар 60-тан астам ұйым мен жеке тұлғаға қарсы жаңа санкциялар енгізді. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент шектеулердің негізгі мақсаты режимді қаржылық көздерінен толық айыру екенін жеткізді.

Иран риалының бағамы рекордтық деңгейге дейін құлдырады. Пентагон басшысы Пит Хегсет Иран аумағына жаңа әскери соққылар жасалуы мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу