Financial Times-тің жазуынша, сол арқылы Иранның жоғары лауазымды тұлғаларының әр басқан қадамын жылдар бойы бақылап келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Израиль Тегеранның қауіпсіздік камераларына үнемі қол жеткізіп отырған. Хаменеимен бірге жүретін оққағарларды, жүргізушілерді, тіпті жоғары лауазымды шенеуніктердің жүрген-тұрғанын бақылаған.
Ақпанның 28-і күні Иран көшбасшысының резиденциясына шабуыл жасалмас бұрын барлау қызметі Иран басшылығы мүшелерінің қайда екенін білген. Құпия файлдар жоғары лауазымды шенеуніктердің маршруттарын, кестелерін және қауіпсіздік мәліметтерін тіркеп отыр. Израиль мен АҚШ барлау агенттіктері Аятолла Хаменеиді кеңсесінде қай уақытта болатынын жазбай таныған.
Жарылысқа дейін Иранға ескерту берілмеуі үшін резиденцияның жанындағы ұялы байланысты уақытша істен шығарды. Қоңырау шалушыларға телефон желілерінің бос еместігі туралы хабарланған.
– Бомбалар құлағанға дейін біз Тегеранды Иерусалимді білетініміздей жақсы білдік, – деді Израиль барлау офицері.
Ол ұлттық барлау қызметі Моссад нысаналарды талдау және операцияларды жоспарлау үшін камера деректерін, мобильді желілер мен ақпарат берушілерді пайдаланғанын айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп соққының Иран басшылығы таңғы асын ішіп отырған кезде жасалғанын хабарлады.