Тегін алып кетем – Жамбылдағы жарылыста таксишілер елді құтқаруға асыққан

3393

Қарапайым азаматтардың осындай ерлігі әлеуметтік желіде көпшіліктің жанын тебірентіп жатыр.  

Тегін алып кетем – Жамбылдағы жарылыста таксишілер елді құтқаруға асыққан

Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде таксишілерден бастап қарапайым азаматтардың бәрі де үш ауылдың халқын аман алып қалуға барын салыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өрт салдарынан Байзақ ауданындағы Жібек жолы кенті (3 шақырым жердегі - 378 адам), Үшбұлақ станциясы (8 шақырым жердегі - 216 адам), Ботамойнақ ауылындағы (10 шақырым жердегі - 492 адам) халыққа қауіп төнген болатын. Ол ауылдарда халықтың жалпы саны шамамен 1 086 мың адам. 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланғанын Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлаған еді.

Осындай қиын-қыстау кезеңде аталған үш ауылға асыққан басқа ауылдың азаматтары халықты тезірек алып кетуге барын салыпты. Whatsapp желісінен "тегін алып кетем хабарласыңдар" деген аудиожазбалар тараған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сол ауылдардың бірінің тумасы, Зарина Мосқаудың жазуынша, жақсылыққа жаны құштар азаматтар тіпті Шымкентке дейін апарып тастайтынын айтқан екен. 
"Бұлар – нағыз адамдар! Халқымның осындай қиын кезеңде бір-біріне көмекке асыққанын қалайша жазбайын. Адамгершілік танытты олар. Сіздермен мақтанамын. Мен ватсаптағы сол жазбаларыңызды тыңдаған сайын жылап отырдым", - дейді Зарина Мосқау.

Еске сала кетсек Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 4 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.  Тағы бірнеше адам іздестіріліп жатыр

Айта кетсек 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды.  Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент.  

Оның хабарлауынша, Жамбыл облысына Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары ұшып шыққан. Жарылыс болған маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 30-ға тарта облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкері мен әскери қызметкерлер жарақат алған

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу