Темірлан Анарбеков Бельгияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды

107

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеудің соңғы матчында өз алаңында Бельгиямен тең ойнап, күтпеген нәтиже тіркеді. 

Темірлан Анарбеков Бельгияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды

Қақпашы Темірлан Анарбеков бүгінгі Бельгиямен болған ойынды қорытындылады. 

“Ойын қарқынды мәнерде өтті. Қиын болды. Алайда команда ойыншылары мен жанкүйерлерімізге мың алғыс. Олардың қолдауы бүгінде жақсы болды. Тіпті матч барысында бір-бірімізді есітмей жаттық. Бельгиямен бір ойыншыға кем бола тұрып, 1:1 есебімен тең ойнау - айтып түсіндіруге келмейді. Біз әлі де өз көзімізге сене алмай отырмыз.
Менің ойымша, біз өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсете алдық. Болашақта командамен бірге өсіп, жеңіске жететінімізге сенімдімін”, - деді Анарбеков. 

22 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков бүгінгі іріктеу кездесуінде қарсылас тараптан жасалған 8 соққыны сәтті қайтарды. Сол арқылы ол командада 8,1 баллдық көрсеткішімен ең үздік деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу