Аталған турнирдің 8 турынан кейін "Қайраттың" қақпашысының еншісіне 36 сейв жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Темірлан Анарбековтің бұл нәтижесі – барлық қатысушы команда қақпашылары арасындағы үздік үшінші көрсеткіш.
Рейтингтің 1-орынына норвегиялық "Бодо Глимт" клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин жайғасқан, ол қақпаға бағытталған 49 соққыны қайтарды. Екінші орын испаниялық "Реал Мадрид" клубының бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуаға (41 сейв) тиесілі.
Темірлан Анарбековтен кейінгі орындарды франциялық "Марсель Олимпик" командасының аргентиналық қақпашысы Хиронимо Рулли (ол да 36 сейв), чехиялық "Славияның" қақпашысы Йиндржих Станек (34 сейв) өзара бөліскен.
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алғашқы 2 турында "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырза 11 сейв жасап үлгерген еді.
Еске салайық, негізгі кезеңде "Қайрат" Португалияның "Спортингінен" 1:4, Испанияның "Реал Мадридінен" 0:5, Италияның "Интерінен" 1:2, Грекияның "Олимпиакосынан" 0:1, Данияның "Копенгагенінен" 2:3, Бельгияның "Брюггесінен" 1:4, Англияның "Арсеналынан" 2:3 есебімен ұтылды. Кипрдің "Пафосымен" ғана 0:0 есебімен тең тарқасты.