Теңге неге әлсіреді?

7001

Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ға нығаяды. 

Теңге неге әлсіреді?

2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасының өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1,0%-ға нығаюға мүмкіндік берді.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше,  2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуы және коронавирустан туындаған дағдарыс салдарынан әлсіреді. 

"2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10,0%-ға әлсіреді. Cыртқы жағдайдың жақсаруына байланысты және Ұлттық банктің үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің нәтижесінде теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырды. Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу