Теңіз кенішін кеңейтуге 37 млрд доллар жұмсалады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
20654

2024 жылы мұнай өндіру көлемі 39 млн тоннаға жетеді.

Теңіз кенішін кеңейтуге 37 млрд доллар жұмсалады

Елімізде соңғы 7 айда 52,23 млн тонна мұнай өндірілді. Жыл басында жоспарланған 89 млн тоннаға жету үшін желтоқсан айының соңына дейін жер қойнауынан тағы 36,77 млн тонна мұнай алынуы керек.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған дейін өндірілген мұнай-газ конденсатының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға кем болған. Бұған Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кеніштерінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тікелей әсер еткен.
"Қашаған – 7,2 млн, Теңіз – 17,5 млн, Қарашығанақ – 6,9 млн тонна мұнай берді", – деп жазды энергетика министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, биыл Теңіз кен орнынан 29 млн тонна мұнай өндіріледі. Ал  кен орнын кеңейту жобасы жалғаса береді. Бұл бастамаға 37 млрд АҚШ доллары жұмсалады. 2024 жылға қарай Теңіздегі мұнай өндіру көлемі 39 млн тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жетеді. Бұл үшін мұнай өндірісі жыл сайын 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге ұлғайтылады.

2016 жылы Теңіз кен орнын кеңейтудің бас жоспары бекітілді. Бүгінгі таңда жоспарға енгізілген жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылға қарай елімізде жылына 104 млн тонна мұнай өндірілетін болады.

Бүгінгі таңда Қашағаннан тәулігіне 450 мың баррель мұнай алынып жатыр.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, жыл соңында

мұнай өндіру көлемі  89 млн тоннаға жетеді. Бұл 2018 жылдан аз, 2017 жылдан көп көрсеткіш.

Естеріңізге салайық, 2018 жылы Қазақстанда 90 млн, 2017 жылы 86,2 млн тонна мұнай өндірілді.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу