Теннисші Алан Құрманғалиев Францияның танымал клубына ауыспақ

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы "Хеннебон" клубымен келісімшартқа отырды.  

Теннисші Алан Құрманғалиев Францияның танымал клубына ауыспақ Фото: olympic.kz

Енді ол Франция чемпионатының элиталық Pro A дивизионында ойнайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған лига – Еуропадағы ең күшті чемпионаттардың бірі. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тұрақты түрде жинайтыны тағы бар.

"Хеннебон" клубы Францияның 5 рет чемпионы атанған және 2 мәрте ETTU Cup Еуропа кубогының жеңімпазы болған.

– Келіссөздер өте ұзаққа созылды деп айта алмаймын. Барлығы бір аптадан сәл ғана артық уақыт алды. Клуб қызығушылық танытты, сондықтан барлық мәселені тез талқылап, ортақ келісімге келдік, – дейді Алан Құрманғалиев.

Келісімшарт бір жылға есептелген. Спортшы жаңа командасына қашан ауысатынын да айтып өтті.

– Келісілген шарттарға сай, келісімшарт дәл бір жылға жасалды. Алғашқы ойындар биылғы қыркүйек айының ортасында өтеді. Сол уақытта клубтық маусым толыққанды басталады. Сондықтан, оған жақсы дайындықпен келу қажет, – деді теннисші.

Жаза кеткен жөн, "Хеннебон" клубының өз халықаралық жаттығу орталығы бар. Бұл база команда ойыншыларының дайындығына ғана емес, әртүрлі елдің спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын өткізуге де пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу