Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын нығайтты

85

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтинг нәтижелерін жариялады.

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын нығайтты Фото: olympic.kz

Қытайдағы Нинбо WTA 500 турнирінде чемпиондық атағын қорғаған Елена Рыбакина жекелей сында 9 501 ұпаймен көшбасшылық орнын нығайтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь өкілі Арина Соболенко (7 550 ұпай) екінші орында қалса, ресейлік Мирра Андреева (6 306) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Алғашқы ондықтағы поляк Ига Швентек чехиялық Линда Носкованы ығыстырып, 9-дан 8-сатыға ауысты. 

Нинбода финалға дейін жеткен канадалық Лейла Фернандес 30-дан 23-ке шықты. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 66-дан 67-ге сырғыды. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 7-орында қалса, Жібек Құламбаева 104-тен 102-ге жоғарылады.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жария еткен рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 20-ға сырғыды. Александр Шевченко 109-ыншы, Тимофей Скатов 200-орында тұр.

Бұдан бұрын Елена Рыбакинан Қытайдағы турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу