Теннисші Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

171

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның 2026 жылғы қорытынды турниріне жолдама алғанын айтты.  

Теннисші Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады Фото: olympic.kz

Спортшы жанкүйерлерін жарысты тамашалауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Баршаңызға сәлем! WTA-ның қорытынды турниріне жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Индиан-Уэллске келіп, біздің ойынымызды тамашалаңыздар", – деді теннисші.

WTA-ның қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді. Жарысқа маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен теннисшілер қатысады.

Елена Рыбакинадан бөлек, жекелей сында әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андреева да турнирге қатысады. Рыбакина Бейжіңде өткен WTA 1000 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңілді. Осы кездесуден кейін қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жарыстардан уақытша үзіліс алатынын хабарлап, Уханьдағы WTA 1000 турнирінен бас тартқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу