Теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде жеңіске жетті

144

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Қытай өкілі Юфей Ренмен ойнады. 

Теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде жеңіске жетті Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Қытай өкілі Юфей Ренмен ойнады. Екі сетке созылған матч 7:6 (8:6), 7:5 есебімен Соняның жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл Жиенбаеваның World Tennis Tour турнирлеріндегі қатарынан екінші титулы. Бір апта бұрын ол Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы жарыста жеңімпаз атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу