Теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы WTA турнирінің екінші айналымына шықты

190

Жерлесіміз Ченнай қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің негізгі кезеңін жеңіспен бастады.

Теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы WTA турнирінің екінші айналымына шықты Фото: ktf.kz

Жібек бірінші айналымда әлемдік рейтингте 473-орында тұрған отандасымыз WTA рейтингінің 282-сатысындағы жапониялық Мэй Ямагучимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарсыласының әлемдік рейтингтегі орны жоғары болғанына қарамастан, Жібек екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Тартысты кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық теннисші қарсыласының екінші добын қабылдау кезінде ұпайлардың 62 пайызын жеңіп, он брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды. Сонымен қатар, Құламбаева 150 ұпайдың 83-ін өз еншісіне жазып, жалпы ұпайлардың 55 пайызын иеленді.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу сайыстары арқылы жолдама алған болатын. Енді ол ширек финалға шығу үшін бақ сынайды.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші жапониялық Моюка Учижима мен турнирдің үшінші ракеткасы, польшалық Магда Линетт арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу