Теннистен Қазақстан құрамасы Монакомен кездеседі

138

Ұлттық құраманың көшбасшылары Астанада ел намысын қорғайды. 

Теннистен Қазақстан құрамасы Монакомен кездеседі

6–7 ақпанда Астанада Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші әлемдік топ аясында Монако командасымен шеберлік байқасады. Бұл кездесуде жеңіске жеткен құрама әлемдік теннис элитасындағы орнын сақтап қалады.

Қазақстан құрамасы кортқа ең мықты ойыншыларын шығарады. Бапкерлер штабы бұл матчқа барлық көшбасшылардың қатысатынын мәлімдеді. Ел намысын Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Денис Евсеев қорғайды.

Кездесулер Beeline Arena ұлттық теннис орталығында, жабық хард кортта өтеді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында тұр. Ал Монако командасы 44-сатыда орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу