Тимур Құлыбаев: АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама жекелеген өңірлік бағдарламалар негізінде әзірленуге тиіс

2048

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысында осы саланың дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.  

Тимур Құлыбаев: АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама жекелеген өңірлік бағдарламалар негізінде әзірленуге тиіс

Жұмыс талқылауы өнімді өтті, салалық министрліктің жұмысында өңірлік ерекшіліктің басымдықта болмауы, шаруа және фермерлік қожалықтардың осал инфрақұрылымы, агробіліктіліктің болмауы, жер телімдері мен қаржы ресурстарға қолжетімділік – талқыланған негізгі тақырыптар болды.

"Атамекен" ҰКП комитетінің басшысы мал шаруашылығында, атап айтқанда ірі қара малды субсидиялаудағы олқылықтарды көтерді, сондай-ақ елге әкелінетін және ішкі нарықтағы малды сатып алуды субсидиялаудағы теңгерімсіздік сөз етілді.

"Қой шаруашылығын дамыту – мал шаруашылығындағы ең тиімді бағыттың бірі. Бізде алдағы үш-төрт жылда импорттың орнына дүкен сөрелерін сапалы өніммен толтырып тастайтын мүмкіндік бар", – деп атап өтті Иван Сауэр. – Ет өндірісін дамыту мәселесі орта бизнес үшін қызықты бағыт. Оларға көмектесу қажет".

"Атамекен" ҰКП басшысы алдында Иван Сауэр көтерген өзекті мәселелер қатарында: соңғы кездерде мал ауруларының қауіпті түрлерінің өршуімен расталып отырған ветеринарлық бақылауда жүйелі қызметінің болмауы, жер телімдерінің мақсатты қолданбауы себепті жерді қайтарып алу құқығының іске аспауы, агробіліктің төмен деңгейі, сәйкестендіру құралдарын қолданбау болды.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев азық-түлік қауіпсіздігінің маңызы, импортты алмастыру қажеттігін айтып, ел ауқымында АӨК саласын дамытуда жүйелі шараларды атады.

"Келер жылы АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталады. Бізге бір жылдан соң іске қосылатын жаңа салалық мемлекеттік бағдарламаның әзірленуіне белсенді атсалысу қажет. Бағдарлама өңірлік кескінінде кәсіпкерлердің нақты ұсыныстары негізінде әзірленуі тиіс. Ауыл шаруашылығында өңірлер ерекшеліктері үлкен рөл атқарады: егер солтүстік өңірлер ірі холдингтер және орта қожалықтармен ерекшеленсе, оңтүстік аймақтарда шағын қожалықтар басым. Сондықтан жергілікті ерекшелікті назарға алмайтын бірыңғай қолдау шаралары жұмыс істемейді", – деді Тимур Құлыбаев.

"Өңірлік палаталарға АӨК саласында жетекші субъектілерді Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысуға шақыруды тапсырамын. Олар сала қажеттіліктерін: ұрық, тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы техникасы, ветеринария және мемлекеттен қаңдай қолдау қажет екенін нақты біледі", – деп ұсынды ҰКП басшысы.

АӨК комитетінің төрағасы ішкі нарықта сүт өнімдерін міндетті таңбалауды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алым, субсидиялаудың ақпараттық жүйесін қолдану үшін тариф, жем-шөп өндірісінің тапшылығы, ауыл шаруашылығы салаларын субсидиялауға қаражаттың жетіспеуі, дайындаушы ұйымдарды субсидиялаудың алынып тасталуы сынды саланың түйткілді мәселелерін көтерді.

ҰКП басшысы аграрлық ғылымның белсенді дамуы және осы процеске ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмылуы қажеттігін айтты. Тимур Құлыбаев нақты сектор және ғылымның бірігуіне арналған сапалы база ретінде С.Сейфулин атындағы агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан) және Қазақ Ұлттық аграрлық университеттің (Алматы) әлеуетін қолдануды ұсынды.

Төралқа Төрағасы ғылыми орталықтар құру үшін жетекші ауылшаруашылық университеттерінің директорлар кеңесінде ірі "зәкірлік" ауылшаруашылық кәсіпорындары топ-менеджерлерінің өкілдіктерін көбейту қажеттілігін атап өтті, осылайша технологиялар трансферті, тұқымдардың жаңа сұрыптарына бизнестің қажеттілігін қамтамасыз ететін ғылыми орталықтар ашылады.

"Агротехникалық университет директорлар кеңесінің құрамына озық  ауыл шаруашылығы ұйымдарының жетекшілерін қосу мәселесін қарауды сұраймын. Бірігу шағын шаруашылықтардың өнімділігін арттыруға, өнім шығарылымының артуында айырмашылықты қысқартуға мүмкіндік береді", – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

Жұмыс кездесудің қорытындысы бойынша "Атамекен" ҰКП  Төралқа Төрағасы барлық өңірлер деңгейінде бизнесмендермен фокус-топтарды өткізуді, ал несиелік серіктестіктермен кездесулерді "зәкірлі" кәсіпорындар әлеуетін қолдану мүмкіндігін зерттеу үшін пайдалануды тапсырды.

Бұдан бөлек мемлекеттік органдарға ауылшаруашылық өнімдерін агроөнеркәсіптік өңдеу және өткізу, шағын машина-трактор станциялары желісін, сервистік компаниялар, соның ішінде заттай төлем қағидаттары бойынша жұмыс істеушілер желісін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша маусымдық жұмысшылармен, оның ішінде жоғары білікті мамандармен проблеманы шешу бойынша ұсынымдар жіберіледі.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігіне жуық арада ЕАЭО шеңберінде отандық тауар өндірушілердің ұлттық мүддесін (таңбалау, нарықтарға қолжетімділік және т.б.) қорғау бойынша шешімдер ұсыну тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу