Тимур Құлыбаев пен Ермек Маржықпаев Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылармен кездесті

864

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында Олимпиада қалашығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тимур Құлыбаев пен Ермек Маржықпаев Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылармен кездесті Фото: ҚР ҰОК

Спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасына тәулік бойы қолдау көрсетіледі. Штаб қызметкерлерінің спортшылармен бір ғимаратта тұруы кез-келген проблеманы өте тез шешуге мүмкіндік береді.

Дүбірлі додаға ұлттық құрама сапынан 524 спортшы (262 ер және 262 әйел)  қатысқалы отыр. Олар спорттың 30 түрінен сынға түседі. 

Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Спортшыларымызға сәттілік жолдас болсын!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу