Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы ахуал ел экономикасына қалай әсер ететінін айтты

414

Экспорт көлемі артып, Ұлттық қорға және бюджетке түсетін түсімдердің көлемі де ұлғаяды. 

 Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы ахуал ел экономикасына қалай әсер ететінін айтты Фото: kazaknews.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Редакция тілшісі "Таяу Шығыстағы жағдай біздің экономикамызға қалай әсер етеді және қандай секторларда көрінуі мүмкін деп ойлайсыз?" деп сұрақ қойды.

"Меніңше, ең басты факторлардың бірі ол әрине мұнай және мұнайдың бағасы. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырсыздар, мұнай бағасы осы шиеленіс салдарынан өсіп жатыр. Brent-тің бағасы барреліне 76-77 доллар маңайында. Сондықтан біз мұнай экспорттаушы ел болғандықтан, бюджетімізге жалпы экспортымызға жақсы жағдай жасалуда. Бірақ та, ол құбылмалы. Сондықтан дәл осы сәтте экономикамызға жақсы. Соғыс – жаман құбылыс. Бірақ экономикамызды айтатын болсақ, әрине, қазіргі сәтте бізге оң әсер етуде", – деді Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында.

Сөзінше, мұнайдың бағасы өскеннен кейін экспорт көлемі артады және Ұлттық қорға және бюджетке түсетін түсімдердің көлемі де артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу