Тимур Жантикин: АЭС құрылысына қатысты түрлі нұсқа пысықталып жатыр

3328

"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин inbusiness.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Тимур Жантикин: АЭС құрылысына қатысты түрлі нұсқа пысықталып жатыр

– Елді атом электр станциясы еліміздің қай жеріне, қашан салынады, құрылысқа қанша қаражат қажет, жобаны қай елдің мердігері жүзеге асырады, шығын қашан өтеледі деген мәселе алаңдатып отыр. Бұл ретте Қазақстанда сенімді әрі тексерілген серіктес пен мердігерді таңдауға уақыт та, мүмкіндік те бар екенін айтуымыз керек. Балама нұсқа көп.

– Отандық атом өнеркәсібі қай елдің мердігерлерімен келіссөз жүргізуді көздеп отыр?

– АЭС құрылысына қатысты түрлі нұсқа пысықталып жатыр. Бізге 2019 жылы Қытай, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея елдерінің негізгі өндірушілерінен және NuScale, General Electric-Hitachi сияқты шағын модульдік реакторлардың жобаларын әзірлейтін АҚШ-тың 2 компаниясынан ұсыныс түсті.

– Келісім жасалды ма, нәтиже бар ма?

– Әзірше нәтиже туралы айтуға асықпау керек. Себебі бүгінге дейінгі уақытта нарықта айтарлықтай өзгеріс болды. Атап айтқанда, шағын модульдік реакторлардың жобалары ілгеріледі. Қазір біз жобаларға қатысты деректерді өзектендіріп жатырмыз. Салыстырмалы талдау нәтижесінен кейін ұсынылған технологиялар бойынша қорытынды жасаймыз.

– Атом электр станциясына қажетті қосалқы бөлшектерді қайдан аламыз?

– Біздің жағдайда мердігер АЭС құрылысына және қажетті дүниемен қамтамасыз етуге жауапты әрі міндетті болады. Келісімшартта қосалқы бөлшектерді сатып алмайтынымыз, жиынтықтаушы бөлшек өндірісімен айналыспайтынымыз нақтыланады.

– Мұндай тәжірибе бір немесе екі атом станциясын салатын елде жоқ қой, солай емес пе?

– Егер біз атом энергетикалық технологиясын экспорттауды көздеген болсақ, онда АЭС үшін қосалқы бөлшек жасау мүмкіндігін қарастырып, өнімімізді халықаралық нарыққа шығару мәселесіне назар аударар едік. Алайда бұл басқа әңгіме, басқа жағдай.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Айбын Асқарұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу