Тиррено-Адриатико. 6 кезең. Алекс Аранбуру спринтте ТОП 10 қатарында

1323

Италияда "Тиррено-Адриатико" велокөпкүндігі өтіп жатыр. Екі бірдей таулы кезеңнен кейін 6 жарыс күні Кастелфидардо қаласында өтті.

Тиррено-Адриатико. 6 кезең. Алекс Аранбуру спринтте ТОП 10 қатарында

Спринтерлер сарапқа салған кезеңді Паскаль Акерманнды озған Тим Мерлир жеңді. "Астана Про Тим" шабандозы Алекс Аранбуру жақсы нәтиже көрсетіп, алғашқы ондықтың қатарында болды. Қазақстандық команданың капитаны Александр Власов жалпы топтың ішінде болып, өзінің жалпы есептегі 4-орнын сақтап қалды. Сонымен қатар, ол жас шабандозға тиесілі ақ жейдені де өзінде сақтады.

- Бұл әдеттегідей спринтерлердің жарысы болды. Алға озып шыққандар ұзақ уақыт бойы көшбасшылықты сақтап келді. Бірақ, соңында бәрібір спринтерлердің сайысы орын алды. Йейтс осы додада өте мықты екенін байқатты. Ал маған жүлдегерлер қатарына енуге мүмкіндік бар секілді. Жалпы осы жарыста көрсетіп жатқан нәтижеме көңілім толады. Бұл мен үшін "Джиро д’Италия" жарысы алдындағы жаттығу іспеттес, - деді Александр Власов.

Ертең соңғы жарыс күнінің бірі болады. 7 кезеңде шабандоздар ПьевеТоринодан Лоретоға дейінгі 181 шақырымды жүріп өтуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу