ТҚЖБ-ның 24 депозиті онлайн-режимде сатылды

8121

Ықтимал сатып алушылар сатуға қойылған депозиттер үшін 1,2 млн-нан артық ақша төлеуге дайын.

ТҚЖБ-ның 24 депозиті онлайн-режимде сатылды

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банк" (ТҚЖБ) АҚ салымдарды үшінші тұлғаға қайта табыстау қызметі іске қосылған екі аптаның ішінде қазақстандықтар үшінші тұлғаға жинақталған жалпы сомасы 53 млн теңге болатын 24 депозитті сатқан. Бұл туралы мемлекеттік банктің баспасөз қызметінің abctv.kz-тың ресми сауалына берген жауабында айтылған.

"Келісімнің барлығы толықтай қашықтықтан жасалды. Сатушылар "ТҚЖБ 24" интернет-банкингте бастапқы бағасын көрсетіп, өздерінің шоттарын сату туралы хабарландыруды жариялады. Жоғары баға ұсынғандар сатып алушы болды. Дәл қазіргі уақытта 150-ден астам хабарландыру берілген. Сатуға қойылған шоттың ең төмені – 200 мың теңге. Сатуға қойылған депозиттердің ең ірісі 11 млн теңгені құрайды. Ол алты жылда жиналған. Ықтимал сатып алушылар мұндай депозитке 12,2 млн теңге төлеуге дайын", – деді банктегілер.

Қаржы институты ТҚЖБ-ға қарай депозиттердің жылыстау динамикасын ұсынған болатын. Қаржы мекемесінің мәліметі бойынша, 2015 жылы көрсеткіш ашылған шоттардың жалпы санының 9,8%-ын құраған, 2016 жылы 6,2%-ға тең болса, 2017 жылы – 7,6% болған.

Сонымен қатар банктегілер салымшы тұрғын үй қарызын алудан бас тартқан жағдайдағы мемлекет есебінен есептелетін сыйлықақы мен сыйақы жайына тоқталып кетті. Егер салымшы келісімшартты үш жылдан кейін бұзатын болса, онда бұл төлемдер сақталады.

Басқаша жағдайда салымшыға оның жинағы мен ТҚЖБ сыйақысы қайтарылады. Ал мемлекеттен аударылатын сыйақы алынып, республикалық бюджетке жіберіледі. Депозиттерді өзгеге табыстау немесе оларды біріктірген жағдайда мемлекеттің сыйлықақысы сақталады. Еске салар болсақ, 28 мамыр күні банк депозит шоттарын үшінші адамға сату мүмкіндігін қайта іске қосқан болатын. Онлайн-режимде сатып алынған салымның көмегімен алғашқы баспанаға ипотека рәсімдеуге болады. Тек мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмайсың. Сатып алынған шот ТҚЖБ оператор болып табылатын мемлекеттік, өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды.

"Депозитті сатып алғаннан кейін, ТҚЖБ-ның "Өз үйің" бағдарламасына қатысуға болады. Сондай-ақ сатып алынған депозиттің үстіне қосып ақша жинап, алдағы уақытта пәтер немесе жер телімін сатып алуға, сондай-ақ үй салуға немесе баспананы жөндеуге болады", – деп түсіндірді банк өкілдері.

Бұл қызмет түрі ақылы, сатып алушыдан жинақталған соманың 0,5% мөлшерінде комиссия алынады. Бұл ретте жақын туыстар арасында шоттарды қайта табыстауда нөлдік комиссия сақталады.

Гүлназ Ермағанбетова, Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу