"Тобыл" франциялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

179

Қостанай клубының қатарына Франция, Болгария, Дания, Ресей және Әзербайжан чемпионаттарында өнер көрсеткен Райан Сенхаджи қосылды.  

"Тобыл" франциялық қорғаушымен келісімшарт жасасты Фото: penalty.kz

Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы 28 жастағы франциялық қорғаушы Райан Сенхаджимен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Райан Сенхаджи – Францияның "Сошо-Монбельяр" клубының түлегі. Кәсіби мансабында ол Францияның "Безье" және "Сошо" клубтарында, Болгарияның "Монтана", "Пирин" және "Левски" командаларында, Данияның "Яммербугт" клубында, Алжирдің "ЖС Кабилия" командасында, сондай-ақ Ресейдің "Факел" (Воронеж) және Әзербайжанның "Сумгаит" клубтарында өнер көрсеткен.

"Франциялық орталық қорғаушы "Тобылмен" келісімшартқа қол қойды. Бойы 190 сантиметр қорғаушы алаңдағы жылдамдығымен және әуе доптарындағы сенімді ойынымен ерекшеленеді. Әзербайжан чемпионатында әуедегі допқа талас-тартыстың шамамен 92 пайызын өз пайдасына шешкен" - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Осылайша, тәжірибелі қорғаушы жаңа маусымда қостанайлық команданың намысын қорғайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу