"Тобыл" Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

191

Матчты Швейцариядан келген Свен Вольфенсбергер бастаған төрешілер тобы басқарды.

"Тобыл" Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды Фото: kff_resmi

Финалда қостанайлықтар шымкенттің "Ордабасы" командасын 2:0 есебімен ұтты.

Кездесу Қызылордадағы "Қайсар Арена" стадионында өтті. Бұл – сыйымдылығы 11 мың көрерменге арналған жаңа аренадағы алғашқы ресми ойын болды.

Алғашқы тайм толықтай қостанайлықтардың еншісінде болды. Есепті Асхат Тағыбергеннің айып соққысынан кейін Николай Сигневич ашты. Артынша Ахмед Эль-Мессаудидің алыстан жасаған соққысы бағанадан қайтып, допты Ислам Чесноков қақпаға дәл бағыттады.

Екінші таймда "Ордабасы" футболшылары белсенді шабуылға шыққанымен, олардың әрекеті нәтижесіз аяқталды. Қорытынды есеп "Тобылдың" пайдасына – 0:2. 

Осылайша, "Тобыл" үшінші рет Қазақстан кубогын иеленсе, "Ордабасы" үшінші рет финалда жеңіліс тапты.

Жүлде саны бойынша "Тобыл" үш кубогы бар елордалық "Жеңіс" пен "Астанамен" теңесті.

Қостанайлықтар мен астаналықтар 2-4 орындарды бөліссе, көшті 10 кубок иеленген "Қайрат" бастап тұр.

Бұл турнирдегі жеңістің арқасында "Тобыл" келесі маусымда Конференциялар лигасына қатысу құқығына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу