Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов "Тобыл" футбол клубының бас құрылтайшысы атанды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ERG Директорлар Кеңесінің төрағасы – Бас атқарушы директоры Ш. Ибрагимов қостанайлық "Тобыл" футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы атанады.
Мұндай ірі әрі сенімді серіктестің қолдауымен "Тобыл" командасы жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады, - деп жазды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, "Тобыл" 28 ақпанда Астана-арена стадионында өткен Қазақстан Суперкубогының финалында "Қайратты" жеңіп, 4 дүркін Суперкубок иегері атанған болатын.