"Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

596

Бүгін қостанайлық клуб "Базельге" есе жібергенімен, екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

"Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне өтті

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында швейцариялық "Базельден" ұтылып қалды. Бірақ екі кездесудің қорытындысы бойынша келесі айналымға шықты. Команданың қарымта кездесуі Қостанайда өтті. "Тобыл" 1:2 есебімен қарсыластарына жол берді. Барлық голдар бірінші таймда соғылды. 26-минутта Антон Каде командасын алға шығарса, 32-минутта Жан-Кевин Августин пенальти соғу арқылы есепті еселей түсті. Үзіліске дейін, 43-минутта Серж Дебле "Базель" қақпасын дәл көздеді.

Естеріңізге сала кетейік, Швейцарияда өткен алғашқы ойында "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, жалпы 4:3 есебімен қазақстандық клуб Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Дерри Сити (Ирландия) - КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен ойнайтын болды.

Ойыншылар құрамы төмендегідей болды:

"Тобыл": Коновалов, Каиров, Младович, Рогач, Асранкулов, Жарынбетов, Илич, Оразов, Вукадинович, Чесноков, Дебле;

"Базель": Сальви, Шмид, ван Бреемен, Комас, Ланг, Бюргер, Фрай, Миллар, Огюстен, Каде, Ндой.

"Тобыл" (Қостанай, Қазақстан) — "Базель" (Базель, Швейцария) 1:2
Голы: Каде 26 (0:1), Огюстен 32 (0:2), Дебле 43 (1:2)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу