banner

"Тобыл" сербиялық Ивановичты қатарға қосуға жақын

1225

Бізге келген мәліметтер бойынша 25-жастағы Игорь Иванович жақын арада "Тобыл" ойыншысы атануы мүмкін.

"Тобыл" сербиялық Ивановичты қатарға қосуға жақын

Өткен маусымда Солигрскілік "Шахтер" құрамында өнер көрсеткен Игорь, чемпионатта 26 ойынға қатысып 7 гол және 7 нәтижелі пас берген. Алаңда шабуылдың оң қапталында ойнайды.

"Ордабасы" Өзбекстан құрамасының қорғаушысымен толығуға жақын. Бізге келген мәліметтер бойынша Өзбекстандық “Насаф” клубының және Өзбекстан ұлттық құрамасының сол қаптал қорғаушысы 24-жастағы Шерзод Нарсуллаев алдағы уақытта “Ордабасы” сапына келіп қосылуы ықтимал.

Иван Брикнер "Оқжетпес" қатарында, - деп хабарлайды көкшетаулық ұжымның баспасөз қызметі. Ол футболдағы мансабын өз отаны - Украинада бастаған. Иван "Суммы", "Олимпик", "Рух" және "Львов" құрама сапында алаңға шыққан. Осы уақытқа дейінгі соңғы клубы талдықорғандық "Жетісу" болды, соның сапында 23 ойын өткізіп, 5 гол салған болатын.
Брикнер қорғанысқа араласпайтын жартылай қорғаушы үшін жиі ереже бұзады екен. Статистиканы саралай осындай шешімге келіп отырмыз.

Еуропада үш рет үздік атанған футболшы ҚПЛ клубына ауысты. "Атырау" ФК Игорь Стасевичті қатарына қосқанын қуана хабарлады. Игорь Стасевич "Атырау" ФК келісімшартқа отырды. Стасевичке нәтижелі ойын мен үлкен жеңістер тілейміз! Сардэчна запрашаем, Ігар!", - деп жазады батыс-қазақстандық ұжымның баспасөз қызметі. Айта кетейік, Игорь Беларусияның үш рет үздік футболшысы атанған (2015, 2018 және 2019 жылдар). Ұлттық құрамада ол 63 ойын өткізіп, 5 гол салған болатын. Жартылай қорғаушы өз мансабында БАТЭ, "Гомель", "Динамо", "Волга" және "Чайка" ФК доп тепкен.

"Тараз" ФК оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Олар екі апта төңірегінде Шымкент шаһарында жолдастық кездесулер өткізген болатын. Бірінші кездесуде жамбылдықтар "Оңтүстік Академия" командасымен 1:1 есебімен тең тарқасты. Кезекті бір мачта "Тараз" футболшылары жоғары деңгейінің арқасында "Яссы" ұжымын 3:0 есебімен тізе бүктірді. "Көк-ақтар" соңғы ойынында "Ордабасы Жастарына" 3:1 есебімен ұтылды. Команда Шымкентке 6 ақпан күні қайта келеді. Олар мұнда екінші жиынның өткізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу